Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова, ауданның №1,№20,№48 жалпы орта білім беретін мектептерінің директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары А.Таукебаева, А.Онланбекова, Н.Сериков және АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Е.Оспанбековтың қатысуымен Меркі ауданында орналасқан мейрамханаларға, кафелерге, автокөлік жуу орындарына рейд ұйымдастырылып, жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.