Меркі ауданындағы тау бөктерінде орналасқан «Жұлдыз» сауықтыру лагері ағымдағы жылдың 27-і күні жаз мезгілінде оқушылардың демалысын қызықты, әсерлі, пайдалы өткізу мақсатында 2-маусымдағы өз жұмысын бастады. Сауықтыру лагерінің 2 маусымына келген демалушы балалардың құжаттары арнайы талапқа сай қабылданды. Лагердегі топ тәрбиешілері жаңа қабылданған демалушы балаларға топ бөлмелерін көрсетіп, күн тәртібі және лагерь ережесімен таныстырды. Сауықтыру лагеріне келген демалушы балалар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жаңа достармен қызықты да, мағыналы күндердің куәсі болатыны сөзсіз.