PISA халықаралық зерттеуіндегі жаратылыстану бағытындағы тапсырмаларының ерекшеліктерін көрсету
Меркі ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы жоспарына сәйкес ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің география пәні мұғалімдері арасында PISA халықаралық зерттеуіндегі жаратылыстану бағытындағы тапсырмаларының ерекшеліктерін көрсету арқылы тәжірибе алмасу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 орта мектебінің базасында «Халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Семинар барысында мектеп мұғалімдері Қ.Омаров «Геоэкологиядағы антропогендік факторлар», Ж.Токушбекова «Виды внутренних вод Казакстана» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетсе, А.Исакова «PISA тапсырмалары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» атты коучинг, Г.Азильханова «PISA халықаралық зерттеуінің ерекшелігі мен өзектілігі» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.
Семинар жұмысы қорытындыланып, кері байланыс беру арқылы қатысушылар өткізілген іс- шараларға оң бағасын берді.