«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирге қатысқан Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта мектеп-гимназиясының роботтарды құрастыруды және бағдарламалауды, басқа да инновациялық білім беру технологияларын жетік меңгерген 9 сынып білім алушыларды жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Турнирдің мақсаты- роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, инженерлік техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Республикалық турнирде «Лабиринт» санаты бойынша қатысқан 9 сынып білім алушылары Шәпен Нүркен, Бахтиярұлы Бектолат ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі А.Алтынбеков